Jambyl Телеарнасы

Jambyl Телеарнасы 1/5 - 1

關於 Jambyl Телеарнасы

地點: 哈薩克斯坦
類別: 當地電視

Жамбыл жерінде 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телеарна өз жұмысын бастады. Бұл оқиға облыс тарихындағы жарқын беттердің бірі болды. Біріншіден, Жамбыл телеарнасы республика көлемінде 21 жыл үзілістен кейін, электронды ақпарат кеңістігіне қосылған алғашқы ұжым. 1989 жылдың 1 қарашасында шаңырақ көтерген телеарна алты күннен кейін орталық алаңдағы еңбекшілер шеруінен тікелей хабар жүргізді.
Алғашқы кездері телеарна ұжымы эфирге аптасына бір-екі, кейде үш рет шықты. Хабарлардың ұзақтығы 15-20 минуттан аспайтын. КСРО телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитет облыстық телехабарларға 40-45 минут уақыт беріп, соған ғана қаржы бөліп отырды. Телеарнада қазақ тілді хабарлардың санын көбейту - алға қойылған басты мақсаттардың бірі. Алғашқы кезде хабарлар ПТС (жылжымалы телестанция) арқылы таратылды. Көп ұзамай күрделі жөндеуден өткізіліп, техникалық жағынан жарақтандырылған Сүлейменов көшесіндегі Жамбыл гидромелиоративтік инженерлік құрылыс институтының көне ғимараты телеарнаға берілді. Қаратау қалалық телестудиясын тездетіп іске қосу да назардан тыс қалған жоқ. Соның нәтижесінде, жаңалықтар мен хабарлар тікелей эфир арқылы телестудиядан таратыла бастады.

相關電視頻道

КТК телеарнасы
哈薩克斯坦 / 當地電視
Коммерциялық телевизиялық арна эфирге тұңғыш рет 1991 жылдың ақпан айында шықты. Осы уақыт ішінде ұлтттық таратылым...

Жетісу телеарнасы
哈薩克斯坦 / 當地電視
«Жетісу» – ақпараттық-танымдық, отбасылық телеарна. Тәулігіне 17 сағат хабар таратады. Әр түрлі саланы қамтитын 40-тан...

Qyzylorda Телеарнасы
哈薩克斯坦 / 當地電視
1991 жылдың 30 сәуірінде Қызылорда облыстық телеарнасы ашылды. Дәл осы күні 30 минуттық хабар эфирге шықты. 1 мамыр...

Qazsport TV
哈薩克斯坦 / 體育電視
Qazsport - первый казахстанский национальный спортивный телеканал. Он запущен 1 июля 2013 года под названием KAZsport и...

5 канал
哈薩克斯坦 / 當地電視
5 канал - Телевизионныйканал города Караганды...