Jambyl Телеарнасы
সম্পর্কিত Jambyl Телеарнасы
অবস্থান: কাজাকস্থানবিভাগ: স্থানীয় টিভি
Жамбыл жерінде 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телеарна өз жұмысын бастады. Бұл оқиға облыс тарихындағы жарқын беттердің бірі болды. Біріншіден, Жамбыл телеарнасы республика көлемінде 21 жыл үзілістен кейін, электронды ақпарат кеңістігіне қосылған алғашқы ұжым. 1989 жылдың 1 қарашасында шаңырақ көтерген телеарна алты күннен кейін орталық алаңдағы еңбекшілер шеруінен тікелей хабар жүргізді.
Алғашқы кездері телеарна ұжымы эфирге аптасына бір-екі, кейде үш рет шықты. Хабарлардың ұзақтығы 15-20 минуттан аспайтын. КСРО телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитет облыстық телехабарларға 40-45 минут уақыт беріп, соған ғана қаржы бөліп отырды. Телеарнада қазақ тілді хабарлардың санын көбейту - алға қойылған басты мақсаттардың бірі. Алғашқы кезде хабарлар ПТС (жылжымалы телестанция) арқылы таратылды. Көп ұзамай күрделі жөндеуден өткізіліп, техникалық жағынан жарақтандырылған Сүлейменов көшесіндегі Жамбыл гидромелиоративтік инженерлік құрылыс институтының көне ғимараты телеарнаға берілді. Қаратау қалалық телестудиясын тездетіп іске қосу да назардан тыс қалған жоқ. Соның нәтижесінде, жаңалықтар мен хабарлар тікелей эфир арқылы телестудиядан таратыла бастады.
সম্পর্কিত টিভি চ্যানেল
Aqjaıyq Телеарнасы
কাজাকস্থান / স্থানীয় টিভি
1964 жылы 26 қыркүйекте Батыс Қазақстан облыстық телестудиясының тұңғыш хабары эфирге шықты. 1964 жылы 15 тамызда Орал...
Qyzyljar Телеарнасы
কাজাকস্থান / স্থানীয় টিভি
1958 жылы облыстық ұлттық депутаттар кеңесінің шешімімен Петропавлда телемұнараның құрылысы қолға алынды. Әрі...
КТК телеарнасы
কাজাকস্থান / স্থানীয় টিভি
Коммерциялық телевизиялық арна эфирге тұңғыш рет 1991 жылдың ақпан айында шықты. Осы уақыт ішінде ұлтттық таратылым...
Kazakh TV
কাজাকস্থান / স্থানীয় টিভি
Kazakh TV — Қазақстан Республикасының бірінші серіктік ұлттық телеарнасы. Kazakh TV-ті Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс...
Рика-ТВ
কাজাকস্থান / পাবলিক টিভি
Первый городской – так называют в Актобе телеканал, который родился в один год с Независимым Казахстаном. В новогоднюю...