Jambyl Телеарнасы
Σχετικά με Jambyl Телеарнасы
Τοποθεσία: ΚαζακστάνΚατηγορία: Τοπική TV
Жамбыл жерінде 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телеарна өз жұмысын бастады. Бұл оқиға облыс тарихындағы жарқын беттердің бірі болды. Біріншіден, Жамбыл телеарнасы республика көлемінде 21 жыл үзілістен кейін, электронды ақпарат кеңістігіне қосылған алғашқы ұжым. 1989 жылдың 1 қарашасында шаңырақ көтерген телеарна алты күннен кейін орталық алаңдағы еңбекшілер шеруінен тікелей хабар жүргізді.
Алғашқы кездері телеарна ұжымы эфирге аптасына бір-екі, кейде үш рет шықты. Хабарлардың ұзақтығы 15-20 минуттан аспайтын. КСРО телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитет облыстық телехабарларға 40-45 минут уақыт беріп, соған ғана қаржы бөліп отырды. Телеарнада қазақ тілді хабарлардың санын көбейту - алға қойылған басты мақсаттардың бірі. Алғашқы кезде хабарлар ПТС (жылжымалы телестанция) арқылы таратылды. Көп ұзамай күрделі жөндеуден өткізіліп, техникалық жағынан жарақтандырылған Сүлейменов көшесіндегі Жамбыл гидромелиоративтік инженерлік құрылыс институтының көне ғимараты телеарнаға берілді. Қаратау қалалық телестудиясын тездетіп іске қосу да назардан тыс қалған жоқ. Соның нәтижесінде, жаңалықтар мен хабарлар тікелей эфир арқылы телестудиядан таратыла бастады.
Σχετικά τηλεοπτικά κανάλια
Qyzylorda Телеарнасы
Καζακστάν / Τοπική TV
1991 жылдың 30 сәуірінде Қызылорда облыстық телеарнасы ашылды. Дәл осы күні 30 минуттық хабар эфирге шықты. 1 мамыр...
Новое телевидение
Καζακστάν / Τοπική TV
«Новое телевидение» — казахстанский телеканал, выпускаемый с 2003г телекомпанией АРТ, базирующейся в городе Караганда...
Телеканал КТК
Καζακστάν / Τοπική TV
КТК «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ - тұңғыш қазақ тіліндегі ақпараттық бағдарлама «Бір күн» деген атпен 1998...
Ońtústik Телеарнасы
Καζακστάν / Τοπική TV
1990 жылы телерадиокомитеттің құрамында құрылды. 1990 жылы 5 қарашада алғашқы хабарын 4 камералық ЖТС (жылжымалы...
Saryarqa Телеарнасы
Καζακστάν / Τοπική TV
1954 ж. КПСС Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесі 10 телерадио орталықтарының құрылысы жайлы ортақ қаулы...