Jambyl Телеарнасы

Jambyl Телеарнасы 1/5 - 1 stemmen

Over Jambyl Телеарнасы

Locatie: Kazachstan
Categorie: Lokale Tv

Жамбыл жерінде 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телеарна өз жұмысын бастады. Бұл оқиға облыс тарихындағы жарқын беттердің бірі болды. Біріншіден, Жамбыл телеарнасы республика көлемінде 21 жыл үзілістен кейін, электронды ақпарат кеңістігіне қосылған алғашқы ұжым. 1989 жылдың 1 қарашасында шаңырақ көтерген телеарна алты күннен кейін орталық алаңдағы еңбекшілер шеруінен тікелей хабар жүргізді.
Алғашқы кездері телеарна ұжымы эфирге аптасына бір-екі, кейде үш рет шықты. Хабарлардың ұзақтығы 15-20 минуттан аспайтын. КСРО телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитет облыстық телехабарларға 40-45 минут уақыт беріп, соған ғана қаржы бөліп отырды. Телеарнада қазақ тілді хабарлардың санын көбейту - алға қойылған басты мақсаттардың бірі. Алғашқы кезде хабарлар ПТС (жылжымалы телестанция) арқылы таратылды. Көп ұзамай күрделі жөндеуден өткізіліп, техникалық жағынан жарақтандырылған Сүлейменов көшесіндегі Жамбыл гидромелиоративтік инженерлік құрылыс институтының көне ғимараты телеарнаға берілді. Қаратау қалалық телестудиясын тездетіп іске қосу да назардан тыс қалған жоқ. Соның нәтижесінде, жаңалықтар мен хабарлар тікелей эфир арқылы телестудиядан таратыла бастады.

Gerelateerde Tv-Kanalen

Первый Северный Телеканал
Kazachstan / Lokale Tv
"Первый северный" - одна из самых успешных и популярных телекомпаний в северном регионе. Телекомпании...

31 канал
Kazachstan / Lokale Tv
31 арна — жалпыұлттық қазақстандық коммерциялық телеарна. Қазақстандағы ең табысты әрі танымал телекомпания. 1992 жылы...

Astana TV
Kazachstan / Openbare Tv
Телеканал «Астана» - это качественный контент, удобное время просмотра, интересные и увлекательные проекты, актуальные...

Qostanaı Телеарнасы
Kazachstan / Lokale Tv
Қостанай облыстық филиалы телевизия хабарларын тұнғыш рет 1991 жылы 1 ақпанда Қостанай қаласында бастады. 1989 жылы...

Қазақстан-Семей
Kazachstan / Vermaak Tv
1965 жылдың 1 қыркүйегінде Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты. Бұл республикадағы Алматы,...