Jambyl Телеарнасы

Jambyl Телеарнасы 1/5 - 1 votes

About Jambyl Телеарнасы

Location: Kazakhstan
Category: Local

Жамбыл жерінде 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телеарна өз жұмысын бастады. Бұл оқиға облыс тарихындағы жарқын беттердің бірі болды. Біріншіден, Жамбыл телеарнасы республика көлемінде 21 жыл үзілістен кейін, электронды ақпарат кеңістігіне қосылған алғашқы ұжым. 1989 жылдың 1 қарашасында шаңырақ көтерген телеарна алты күннен кейін орталық алаңдағы еңбекшілер шеруінен тікелей хабар жүргізді.
Алғашқы кездері телеарна ұжымы эфирге аптасына бір-екі, кейде үш рет шықты. Хабарлардың ұзақтығы 15-20 минуттан аспайтын. КСРО телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитет облыстық телехабарларға 40-45 минут уақыт беріп, соған ғана қаржы бөліп отырды. Телеарнада қазақ тілді хабарлардың санын көбейту - алға қойылған басты мақсаттардың бірі. Алғашқы кезде хабарлар ПТС (жылжымалы телестанция) арқылы таратылды. Көп ұзамай күрделі жөндеуден өткізіліп, техникалық жағынан жарақтандырылған Сүлейменов көшесіндегі Жамбыл гидромелиоративтік инженерлік құрылыс институтының көне ғимараты телеарнаға берілді. Қаратау қалалық телестудиясын тездетіп іске қосу да назардан тыс қалған жоқ. Соның нәтижесінде, жаңалықтар мен хабарлар тікелей эфир арқылы телестудиядан таратыла бастады.

Related TV Channels

Atyraý Телеарнасы
Kazakhstan / Local
1938 жылы 12 ақпанда Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясы Гурьев облысы жөніндегі ұйымдастыру бюросының...

Qostanaı Телеарнасы
Kazakhstan / Local
Қостанай облыстық филиалы телевизия хабарларын тұнғыш рет 1991 жылы 1 ақпанда Қостанай қаласында бастады. 1989 жылы...

Altaı Телеарнасы
Kazakhstan / Local
«Қазақстан» РТРК ШҚО филиалы, «Қазақстан-Өскемен» телеарнасы Кенді Алтай халқының тыныс-тіршілігі,...

Saryarqa Телеарнасы
Kazakhstan / Local
1954 ж. КПСС Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесі 10 телерадио орталықтарының құрылысы жайлы ортақ қаулы...

КТК телеарнасы
Kazakhstan / Local
Коммерциялық телевизиялық арна эфирге тұңғыш рет 1991 жылдың ақпан айында шықты. Осы уақыт ішінде ұлтттық таратылым...