Jambyl Телеарнасы

Jambyl Телеарнасы 1/5 - 1 votes

About Jambyl Телеарнасы

Location: Kazakhstan
Category: Local

Жамбыл жерінде 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телеарна өз жұмысын бастады. Бұл оқиға облыс тарихындағы жарқын беттердің бірі болды. Біріншіден, Жамбыл телеарнасы республика көлемінде 21 жыл үзілістен кейін, электронды ақпарат кеңістігіне қосылған алғашқы ұжым. 1989 жылдың 1 қарашасында шаңырақ көтерген телеарна алты күннен кейін орталық алаңдағы еңбекшілер шеруінен тікелей хабар жүргізді.
Алғашқы кездері телеарна ұжымы эфирге аптасына бір-екі, кейде үш рет шықты. Хабарлардың ұзақтығы 15-20 минуттан аспайтын. КСРО телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитет облыстық телехабарларға 40-45 минут уақыт беріп, соған ғана қаржы бөліп отырды. Телеарнада қазақ тілді хабарлардың санын көбейту - алға қойылған басты мақсаттардың бірі. Алғашқы кезде хабарлар ПТС (жылжымалы телестанция) арқылы таратылды. Көп ұзамай күрделі жөндеуден өткізіліп, техникалық жағынан жарақтандырылған Сүлейменов көшесіндегі Жамбыл гидромелиоративтік инженерлік құрылыс институтының көне ғимараты телеарнаға берілді. Қаратау қалалық телестудиясын тездетіп іске қосу да назардан тыс қалған жоқ. Соның нәтижесінде, жаңалықтар мен хабарлар тікелей эфир арқылы телестудиядан таратыла бастады.

Related TV Channels

МТРК Петропавловск
Kazakhstan / Local
Муниципальный телерадиоканал образован в 1998 году. Особое внимание уделяется созданию новостных программ. В 1998 году...

Маңғыстау Телеарнасы
Kazakhstan / Local
«ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ Телеарнаның іргетасы 1970 жылы шілде айында қаланған. Ең...

Setanta Qazaqstan
Kazakhstan / Sport
Ирландский телеканал, является крупнейшим международным спортивным телеканалом и базируется в Дублине. Компания была...

Qazaqstan TV
Kazakhstan / Public
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы - бiрiншi ұлттық қазақстандық телеарна. 1958 жылы негізі қаланған. Сол жылы «Қазақстан»...

Хабар 24
Kazakhstan / News
«Хабар 24» — 2012 жылдың 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда, 600 шалғай ауылын қоса алғанда, тәулік бойы көрсетілетін...