Jambyl Телеарнасы

Jambyl Телеарнасы 1/5 - 1 votes

About Jambyl Телеарнасы

Location: Kazakhstan
Category: Local

Жамбыл жерінде 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телеарна өз жұмысын бастады. Бұл оқиға облыс тарихындағы жарқын беттердің бірі болды. Біріншіден, Жамбыл телеарнасы республика көлемінде 21 жыл үзілістен кейін, электронды ақпарат кеңістігіне қосылған алғашқы ұжым. 1989 жылдың 1 қарашасында шаңырақ көтерген телеарна алты күннен кейін орталық алаңдағы еңбекшілер шеруінен тікелей хабар жүргізді.
Алғашқы кездері телеарна ұжымы эфирге аптасына бір-екі, кейде үш рет шықты. Хабарлардың ұзақтығы 15-20 минуттан аспайтын. КСРО телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитет облыстық телехабарларға 40-45 минут уақыт беріп, соған ғана қаржы бөліп отырды. Телеарнада қазақ тілді хабарлардың санын көбейту - алға қойылған басты мақсаттардың бірі. Алғашқы кезде хабарлар ПТС (жылжымалы телестанция) арқылы таратылды. Көп ұзамай күрделі жөндеуден өткізіліп, техникалық жағынан жарақтандырылған Сүлейменов көшесіндегі Жамбыл гидромелиоративтік инженерлік құрылыс институтының көне ғимараты телеарнаға берілді. Қаратау қалалық телестудиясын тездетіп іске қосу да назардан тыс қалған жоқ. Соның нәтижесінде, жаңалықтар мен хабарлар тікелей эфир арқылы телестудиядан таратыла бастады.

Related TV Channels

Первый Северный Телеканал
Kazakhstan / Local
"Первый северный" - одна из самых успешных и популярных телекомпаний в северном регионе. Телекомпании...

Kazakh TV
Kazakhstan / Local
Kazakh TV — Қазақстан Республикасының бірінші серіктік ұлттық телеарнасы. Kazakh TV-ті Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс...

Хабар 24
Kazakhstan / News
«Хабар 24» — 2012 жылдың 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда, 600 шалғай ауылын қоса алғанда, тәулік бойы көрсетілетін...

Atameken Business Channel
Kazakhstan / Business
Atameken Business – первый казахстанский мультимедийный канал новостей бизнеса. Агентство представлено на ключевых...

ТВК-6
Kazakhstan / Local
Все течет, все изменяется. Особенно это касается технологий, ведь в настоящее время они развиваются настолько быстро,...