Jambyl Телеарнасы

Jambyl Телеарнасы 1/5 - 1 votes

About Jambyl Телеарнасы

Location: Kazakhstan
Category: Local

Жамбыл жерінде 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телеарна өз жұмысын бастады. Бұл оқиға облыс тарихындағы жарқын беттердің бірі болды. Біріншіден, Жамбыл телеарнасы республика көлемінде 21 жыл үзілістен кейін, электронды ақпарат кеңістігіне қосылған алғашқы ұжым. 1989 жылдың 1 қарашасында шаңырақ көтерген телеарна алты күннен кейін орталық алаңдағы еңбекшілер шеруінен тікелей хабар жүргізді.
Алғашқы кездері телеарна ұжымы эфирге аптасына бір-екі, кейде үш рет шықты. Хабарлардың ұзақтығы 15-20 минуттан аспайтын. КСРО телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитет облыстық телехабарларға 40-45 минут уақыт беріп, соған ғана қаржы бөліп отырды. Телеарнада қазақ тілді хабарлардың санын көбейту - алға қойылған басты мақсаттардың бірі. Алғашқы кезде хабарлар ПТС (жылжымалы телестанция) арқылы таратылды. Көп ұзамай күрделі жөндеуден өткізіліп, техникалық жағынан жарақтандырылған Сүлейменов көшесіндегі Жамбыл гидромелиоративтік инженерлік құрылыс институтының көне ғимараты телеарнаға берілді. Қаратау қалалық телестудиясын тездетіп іске қосу да назардан тыс қалған жоқ. Соның нәтижесінде, жаңалықтар мен хабарлар тікелей эфир арқылы телестудиядан таратыла бастады.

Related TV Channels

Balapan / Балапан телеарнасы
Kazakhstan / Kids
«Балапан» — казахстанский детский телеканал. Начал вещание 27 сентября 2010 года. Входит в состав АО РТРК «Казахстан»....

Туран-ТВ
Kazakhstan / Local
«Туран-ТВ» — первый казахстанский телеканал, посвященный рыбалке, охоте и активному образу жизни. Главная цель...

Ел арна
Kazakhstan / Entertainment
EL ARNA – тек қана отандық көркем фильмдер мен деректі жобаларды көрсететін еліміздегі тұңғыш телеарна. Біз...

Асыл арна
Kazakhstan / Religion
"Асыл арна" рухани- ағартушылық телерадиокомпаниясы. Директоры: Мұхамеджан Тазабек...

Kókshe Телеарнасы
Kazakhstan / Local
«Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола облыстық филиалы 1999 жылдың 21 қыркүйегінде Ақмола облысының орталығы Астана қаласынан...